СЫРЫМНАН ШЫҚҚАН САҚШЫ СЫЙБАҒАТ

СЫРЫМНАН ШЫҚҚАН САҚШЫ СЫЙБАҒАТ
СЫРЫМНАН ШЫҚҚАН САҚШЫ СЫЙБАҒАТ
Жерлесіміз Сыйбағат Салауатұлы Аманов жылды қорытындылайтын “Үздік жас полиция қызметкері” аталымын жеңіп алды.
Сырымдықтар Сыйбағатты жауырыны жерге тимеген палуан ұлы ретінде жақсы таниды. Оның бүгінде Бөкей ордасы ауданында полиция бөлімінде еңбек ететінін біреу білсе, біреу білмес.
Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген, қазақша күрестен бірнеше мәрте чемпион
Бөкей ордасы ауданының әкімінің және аудандық полиция бөлімінің бастығының алғыс хаттарымен марапатталған. «Азаматтардың қауіпсіздігі, олардың бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімі өзімнің берік азаматтық ұстанымыма байланысты»,- деп есептейтін Сыйбағат Салауатұлы Аманов тәртіп сақшыларының ішінде үздік атанды. Бұл дегеніңіз Сырымдық қасиетті топырақ, киелі қанның қай жерден де жарып шығатынының куәсі.
Жас полицей 1995 жылы 18-шілдеде БҚО Сырым ауданында дүниеге келді. 2001 жылы Сырым ауданы, Жымпиты ауылының Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББ мектебінің табалдырығын аттап, 2012 жылы алтын ұясынан түлеп ұшты. Әрі қарай, 2012 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжіне “Дене тәрбиесі” мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміне түсіп, 2015 жылы арнаулы орта білім алып шықты.
Жастайынан татамидің төресі боп өскен Сыйбағат әрбір жарыс сайын шеберлігін шыңдай түсті. 2008-2013 жылдар аралығында БҚО-ның самбо дзюдо күресінен бірнеше рет облыс чемпионы атанды. 2013 жылғы ҚР-ның жасөспірімдер арасындағы чемпионатының чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының чемпионы атанды. Көк байрақты Азия елдерінде желбіретіп, сырымдықтардың бөркін аспанға ата қуануына себепші болды. Студент кезінде спортты тастамаған жерлесіміз, шенді қызметке орналасқанда да, қауырт жұмысынан бөлек кимоносымен қауышуға уақыт таба білді. Сөйтіп, 2022 жылғы Бөкей ордасы ауданының барысы атанды.
Еңбек жолын 2021 жылы Бөкей ордасы ауданы Пб-нің жүргізушісі полицейі лауазымынан бастап, осы полиция бөлімінің УҰИ-ның полицейі лауазымына ауысты. Қазіргі таңдағы арнаулы шені — полиция аға сержанты.
Сырымнан шыққан сақшының әкесі Салауат Амановтың ауданымызға еңбегі сіңген Қазпошта АҚ-ның қызметкері екенін де айта кетейік.
Қоңдыкер ЖЕҢІСҰЛЫ,
«СЫРЫМ ЕЛІ»