- “Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда малдың барлық түрлері бойынша өсім байқалады. Ірі қара малы 63 747 бастан 68 129 басқа, 7%-ға, қой 98 956 бастан 103 346 басқа, 4,4%-ға, жылқы 32 243 бастан, 32 793 басқа, 2%-ға өсіп отыр.
Ауданымызда қазіргі уақытта 417 шаруашылық құрылымдары мал өсірумен айналысуда. Соның ішінде асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар саны 84 (12 474 бас). Атап айтқанда 67 ШҚ асыл тұқымды ірі қара (8 575 бас) өсірумен, 12 ШҚ асыл тұқымды ұсақ малын (3 724 бас), 5 шаруашылық асыл тұқымды жылқы (175 бас) өсірумен шұғылдануда.
2024 жылдың есепті кезеңінде ауданға барлығы 117,8 млн теңге болатын 322 бас асыл тұқымды ірі қара малы сатып әкелінді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңіне мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялау бойынша ауданымыздың 150 шаруа қожалықтарына жалпы 470,5 млн.теңге субсидия төленді.”-деді аудан әкімі Ж.Батырниязов.