Осыған дейін Жымпиты ауылдық округі әкімі болған Мейрам Қайырғалиев өз лауазымын әрі қарай жалғастыратын болды. Кешегі Жымпиты ауылдық округінің әкімінің сайлауында дауыс берушілердің 69, 57 пайызы үміткер Мейрам Қайырғалиевті таңдаған. Бұл туралы БҚО аумақтық сайлау комиссиясы ресми түрде хабарлады:
- 2024 жылдың 1 желтоқсанында Сырым ауданы Жымпиты сайлау округі бойынша Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4504 азамат енгізілді, оның – 1352 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 44,
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аубекеров Э.А - 134 (11,02%);
Кайргалиев М.Н - 846 (69,57 %);
Кубиева А.Б. - 236 (19,41%).
Мейрам Нұрмағамбетұлын сайлауға «AMANAT» партиясы ұсынды. - деп жазады аумақтық комиссия.
Айта кетейік, сайлауға қатысқан 1352 дауыс берушінің ішінде 92 адам “Бәріне қарсымын!” деген тұсты белгілеген.