Жымпиты ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат ретінде Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 3 адам тіркелген.
Олардың екеуі өздерін өздері ұсынса, біреуі - “AMANAT” партиясы Сырым аудандық филиалының үміткері.
Кандидаттар кімдер деген сауалға келсек, Эльдар Аубекеров пен Айнұр Құбиеваның есімі ауданға таныс. Бірі мәдениет саласында, ал екіншісі ветеринария саласында қызмет етеді. Мейрам Қайырғалиев болса, қазіргі күнге дейін Жымпиты ауылдық округінің қызметін атқарды.
Учаскелерде кандидаттардың толық - аты жөні, өмірбаяны туралы ақпарат бұрыштары бар.
Ал бағдарламалары “Сырым елі” газетінің бетінде жарияланды.