Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу жиын өтті.
Шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын жою бойынша өзара әрекеттестігі көрсетілді.
Оқу жаттығу жұмыстары аудандық сот ғимаратында өткізілді. Жаттығу барысында қызметкерлер мен келушілер қауіпсіз жерге көшірілді.