160 ТҮП КӨКТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

160 ТҮП КӨКТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
160 ТҮП КӨКТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Бүгін ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері “ағаш егу” акциясы аясында сенбілік өткізді.
Іс-шара мақсаты — туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдану және табиғатты сүю, аялау, қорғау.
Бірнеше ғасырға дейін өмір сүретін ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте көп. Жерге шаншылған әрбір талдың күтімі жақсы болса, экологиялық ахуалды жақсартып, қоныржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Бүгінгі шарада 160 түп көктерек көшеттері ауыл көгіне шығуға бет алды.
Қоңдыкер ЖЕҢІСҰЛЫ