КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІІ СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІІ СЕССИЯ ӨТТІ
КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІІ СЕССИЯ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №153 «2024-20126 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енгізу, ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекіту мәселелері қаралды. Қаралған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Жанболатов хабарлама жасады.
Көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылданды.
Жиынды аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов түйіндеді.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА