БАЛУАНДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ
2024 жылдың 10-13 қазан аралығында Кипр елінде Ларнака қаласында самбодан жасөспірімдер, жастар арасында өтіп жатырған Әлем чемпионатынан Асқар Шайхиев атындағы Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Диас Қуанышкерей қола жүлдемен оралды. Қанжығаны майлап қайтқан жас спортшыны аудан басшылығы, жаттықтырушылары мен замандастары ауыл кіреберісінен қарсылап, құрмет көрсетті.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ