38 ҮЙДІҢ БАСТАПҚЫ БЕСЕУІНІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛД

38 ҮЙДІҢ БАСТАПҚЫ БЕСЕУІНІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛД
38 ҮЙДІҢ БАСТАПҚЫ БЕСЕУІНІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ
Жымпиты ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңадан 38 тұрғын үй қосымша салынып жатыр. Бүгін сол салынып жатқан үйлердің құрылыс аяқталған алғаш 5 үйінің кілті иелеріне табыс етілді.
Жаңа қоныстың кілтін аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев тапсырды.
Айта кетейік, бұл бес үйдің жоба құны – 137,5 млн теңге. Құрылысты жүргізген мердігер – «ТасқалаТрансГаз» ЖШС. Жоба авторы – «Shine Project» ЖШС. Үйлердің құрылыс жұмыстары тамыз айына басталды. Бүгінгі күні 80 шаршы метрлік бес үйдің құрылыс толықтай аяқталды. Қабылдау актісімен қабылданды.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА