ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Сырым ауданы әкімдігінде отбасының цифрлық картасы бойынша түсіндірме жұмыстары жөнінде жиналыс өтті.
Барлық ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшыларының қатысуымен өткен жиынға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Мұратұлы төрағалық етті.
Отбасының цифрлық картасымен жүргізіліп жұмыстар туралы Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Искакова Ділдаш Салауатқызы және БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұриденова Гүлнара Қайратқызы баяндады.Мамандар ауылдық округ әкімдерімен сала басшыларының түрлі сауалдарына жауап беріп,дайындаған материалымен таныстырды.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ