САРАҢДЫҚ БАР ЖЕРДЕ БАҚЫТҚА ОРЫН БАР МА?!

САРАҢДЫҚ БАР ЖЕРДЕ БАҚЫТҚА ОРЫН БАР МА?!
САРАҢДЫҚ БАР ЖЕРДЕ БАҚЫТҚА ОРЫН БАР МА?!
Қадыр күнін Сырым ауданы сәл ертерек бастады. Күндіз Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының залында “ТҮРТ САЙТАНЫМ, ТҮРТ!” атты комедиялық драманы сахналады. Бұл туынды - Қадекеңнің драматургиялық қолтаңбасы.
Комедия болғасын байдың шолақ ақылына, Алдардың айласына еріксіз езу тартасың. Бірақ, артынан ойланасың!
Ынсапсыз байдың образы бүгінгі күні арамызда да жүр. Дос - ағайыннан, тіпті жанұялық бақыттан, өмір қызығынан дәулеті мен дүниесін биік қойған адамдардың көбеюі - қоғам дерті.
“Сараңдық бар жерде бақытқа орын бар ма?!” Драма осы сауалды қояды көрерменге.
Режиссер - Айгүл Лұқпанова.
Қойылымда басты рөлдерді Ақылбек Бекболатов, Алмагүл Жұма, Армат Жүсіпқалиев ойнады.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”
📸 Қоңдыкер ЕЛЕУОВ