КІРІСТЕР ОРГАНЫНА 10 ЖЫЛ!

КІРІСТЕР ОРГАНЫНА 10 ЖЫЛ!
КІРІСТЕР ОРГАНЫНА 10 ЖЫЛ!
Сырым ауданында мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай волейболдан аудан біріншілігі өтті.
Кірістер органы ҚР Үкіметінің 2014 тамыздағы #933 қаулысына сәйкес салық, кеден және экономикалық тергеу қызметтерін біріктіру арқылы құрылды.
Бұл саланың мемлекет үшін ең маңызды қызметі - елдің бюджетін толықтыруы. Сол арқылы әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асып, инфрақұрылым дамып жатыр.
Сырым ауданындағы Арман Гумаров басқаратын басқарма да өлкені өркендету жолында жемісті жұмыстануда. Олар салық төлеушілерге де кеңес қызметін беріп, аудан қазынасының молаюына да үлес қосуда.
Біріншілікті салтанатты ашылуында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қатысып, орган өкілдерін мерейлі мерекелерімен құттықтады. Шарада кірістер басқармасының озат қызметкерлері және Сырым ауданының жауапты салық төлеушілері марапатталды.
Волейбол додасында 8 команда бақ сынады. Финалда “Жымпиты 1” мен “Жосалы” жолығып, ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы