ИНСПЕКТОР - ЧЕМПИОН!

ИНСПЕКТОР - ЧЕМПИОН!
ИНСПЕКТОР - ЧЕМПИОН!
Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында спартакиада өтуде.
Қазақ күресі бойынша сында Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған балуандар арасында сырымдық Темірлан Ғаббасов та бар.
Бүгін бапкері Ержан Чукуров Ақтөбе хабар жолдады.
Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Темірлан Ғаббасов 82 келі салмақ дәрежесі бойынша ел чемпионы атаныпты.
Сол секілді жосалылық Асылжан Жанғалиев салмағы 90 келіден артық балуандар арасында ІІ орын алды.
Асылжан бүгінде Қазталов ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметте.
Темірлан мен Асылжан Сырым күрес мектебінің үздік екенін республика алдында тағы бір дәлелдеді.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы