Имангалиев Саламат Хамидоллаұлы - 1982 жылы 21 маусымда Сырым ауданы Шағырлой ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. 2004 жылы Каспий қоғамдық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Сырым ауданы мәслихаты аппаратының жетекші маманы болып бастаған.
2006-2007 жылдары Сырым ауданы мәслихаты аппаратының бас маманы;
2012-2013 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының аудан әкімінің көмекшісі - бас инспекторы;
2013-2016 жылдары Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің әкімі;
2016-2023 жылдары Сырым ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2023 жылдың шілде айынан бастап БҚО «Еңбек мобильділігі орталығының филиалы» Сырым аудандық мансап орталығының директоры лауазымында қызмет атқарып келді.