ҚОС ІШЕКТІ АСПАПҚА ҚҰРМЕТ
Сырым аудандық «Демалыс орталығының» ұйымдастыруымен 1 шілде—Ұлттық домбыра күніне арналған “Күмбірлесін қазақтың домбырасы” атты мәдени шара өтті.
Сырым саябағында өткен айтулы шараға қос ішекті сөйлеткен күйшілер мен күміс көмей әншілер өнер көрсетіп, ел көңілінен шыға білді.
Қос ішекті серік еткен Мұхамбет Мамықов, Мерген Мұқанов, Аңсар Жетпісқалиев сынды ауданымыздың белгілі серілеріне құттықтау хаты табысталды.
Ақылбек Бекболатов тізгіндеген мерекелік концертте көрермендерге түрлі сұрақтар қойылып, бабадан қалған ұлы мұраны тереңінен жаңғырта білді.