ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандық ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.
Бұл лауазымға Сырым ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 159 өкімімен Тимур Кубаев тағайындалды.
🇰🇿
Кубаев Тимур Берікұлы - 1988 жылы 4 қаңтарда Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. 2009 жылы Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің менеджмент мамандығы және 2011 жылы - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
​Еңбек жолын 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы "Батыс АвиГип" ЖШС менеджері болып бастаған.
2010 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі бас маманы;
2010-2014 жылдары Сырым ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау жөніндегі бөлімнің бас маманы;
2014-2017 жылдары Сырым ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімнің бас инспекторы;
2017-2021 жылдары Сырым ауданы Бұлан ауылдық округінің әкімі;
2021 жылдың тамыз –қазан айлары аралығында Сырым ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы;
2021 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуына бақылау жасау, бухгалтерлік есеп және коммуналдық мүлік секторының бас маманы;
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Сырым ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.