
Ел басына түскен қиын күндері жұмыла жұдырық болып, пандемияны жеңу жолында барлығымыздың бірігіуіміз маңызды. Осы орайда біршама азаматтар қолдан келген барлық көмектерін аямай көрсетуде. Дәл сондай игі шараның бірін бүгін БҚО «Nur Otan» партиясының мүшелері бастап, 1 дана оттегі концентраторын Сырым ауданына жіберген болатын. Бұл игі шараның бастауын «Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасы Т.Төреғалиев аудандық орталықтандырылған ауруханаға табыс етті. Аудандық аурухана басшысы Р.Тахамбетова: «Біз науқастардың ем-дом алуына керек аппараттың бірін алдық. Бұл – үлкен көмек. Осы аппараттар науқастарды емдеу барысында оң нәтижеге жетуімізге үлкен үлес қосады. Сол үшін барша атсалысқан жандарға алғысымызды айтамыз» - деп өз алғысын жеткізді. Және де алдағы уақытта дәл осындай оттегі концентраторын алуға Сырым ауданынан шыққан кәсіпкерлер мен азаматтар қолдау білдіріп, ұсыныс жасауда. Біз де өз кезегімізде барша атсалысқан партия мүшелеріне алғыс білдіреміз. Сырқаттанып жатырған азаматтардың дендеріне саулық тілейміз.