ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН БІРІНШІЛІК ӨТТІ
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Құрбан айт мерекесіне орай аудан орталығындағы «Қайсар» спорт клубы МКҚК-да «Дене шынықтыру мен спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған» ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен аудан біріншілігі өткізілді.
Аталмыш сайыс облыс бойынша таулы Карабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері құрметіне ұйымдастырылды.
Жарыстың салтанатты түрдегі ашылуында облыстық таулы Карабах ардагерлері бірлестігінің төрағасы А Жұмағалиев, аудандық «Қайсар» спорт клубы МКҚК-ның директоры Е. Мұқанов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа барлық ауылдық округтерден спортшылар белсене қатысты.
Нәтижесінде 40 жасқа дейінгі ерлер арасында жүлделі орындарды А.Бабаханов, Н.Берсот, А.Нығымет бөліссе, 40 жастан жоғары ерлер арасында Ж.Селбаев, Н. Жұмағалиев, Е.Шүкіров өзара бөлісті.
Ал, әйелдер арасындағы сайыста Г.Қази, Ж.Темірболат , А.Қуандық өзара жүлделі орындарды еншіледі.
Жүлдегерлер мен үздік ойыншылар диплом, қаржылай, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Алтай ЖҰМАЖАНОВ,
Сырым аудандық таулы Карабах ардагерлер бірлестігінің төрағасы