ӨНЕР САХНАСЫНАН САЯСАТ САХНАСЫНА!

ӨНЕР САХНАСЫНАН САЯСАТ САХНАСЫНА!
ӨНЕР САХНАСЫНАН САЯСАТ САХНАСЫНА!
Кешегі жексенбіде Сырым ауданы, Жетікөл ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша,
“Amanat” партиясы ұсынған үміткер Айдархан Рамазанов сайлауға қатысқан халықтың 61,1% - ының дауысына ие болып, әкім болып сайланды.
Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы 1983 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қосарал ауылының тұрғыны.
2007-2010 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мамандығын алып, бүгінге дейін мәдениет саласында еңбек етіп келеді.
Мінекей, ауыл халқынының сенімі мен үміті мәдениет үйінің сахнасында жүрген жігітті саясат сахнасына шығарды.
Айта кетейік, Айдархан Рамазанов Сырым аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының депутаты болды.
Бүгін Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасанов сайланған әкімге куәлігін табыс етті.
Жаңа ауылбасыны жергілікті активке Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов таныстырды.
Жұмагелді Жолдыбайұлы Айдархан Рамазановқа Жетікөл ауылдық округін дамыту бағытында бірқатар тапсырмалар беріп, еңбегіне табыс тіледі.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы