“МҰХИТ МҰРАГЕРЛЕРІ” ЖЫМПИТЫДА!
Бүгін Сырым ауданына “Мұхит мұрагерлері” жобасы аясында Хатимолла Бердіғалиев, Серік Абдрахманов, Сағадат Рахметжанов сынды Батыстағы дәстүрлі әндерді орындаушылар бастаған өнер керуені келді.
“Мұхит мұрагерлері” - “Атамекен” өнер ордасында орналасқан Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының төл жобасы. Мақсат - өңірдегі дәстүрлі ән өнерін, соның ішінде М. Мералыұлы, Ғ. Құрманғалиев секілді дарабоз дарындардың музыкалық мұрасын насихаттау. Идея авторы - Бауыржан Халиолла.
“Мұхит мұрагерлерін” Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жымпитыға кіреберістен қарсы алды. Меймандар алдында “Сырым сазы” фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Жоба ұйымдастырушылары мен әкімгерлерлер Қазақстанның халық жазушысы Қ. Мырзалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Концерт аудандық мәдениет үйінде 18:00 - де басталады.

Айжан АМАНГЕЛДИНА