4-маусым ҚР рәміздер күніне орай Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және “Сырым жастары” ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен “Еңбек кубогі-2024” жастар арасында шағын футболдан ауыл біріншілігі өтті.
Жетікөл ауылының жастары футбол алаңында бақтарын сынады.
Ойын нәтижесі бойынша 3-орын “Оқушылар-2” командасы, 2-орын “Спорт” командасы иеленсе, 1 орынды “Қосарал u-17” командасы қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, Мүти Жантілек- “Үздік қақпашы”, Мұхит Кенже “Үздік Шабуылшы”, Шайден Дәулет “Үздік Қорғаушы” аталымдарын иеленді. Барлық жеңімпаздарға марапаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.