Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Айдынғали Балғалиев тұрғындар алдында биылғы жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді
Есептік жиынға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандық мәслихаттың төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мәслихаттың депутаты Айнагүл Ойшыбаева, бөлім мекеме басшылары қатысты.
Округ әкімі өзінің есебінде мал шаруашылығы далалық жұмыстар жөнінде тоқтала келе «Қаладан ауылға» жобасы аясында округке бес отбасының көшіп келгендігін, тағы да көшіп келушілер қатары болса, оларға ауылда толық жағдай жасалатындығын, үш жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталатындығын хабардар етті.
Сондай-ақ округ әкімі А.Балғалиев түйінді мәселелер қатарында келешекте спорт кешені құрылысы қолға алынса, мәдениет үйіне күрделі жөндеу қажеттігі сияқты жәйттерді алға тартты.
Жып-жинақы өткен жиында тұрғындардың округ әкімінің атқарған жұмысына риза болғандығы деп түсіндік. Залдан мінбеге шығып пікір айтушылар, сауал қоюшылар болмады.
Міне, жинақы өткен жиынның көрінісі осы
Жиынды аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қорытындылап, қозғалған мәселелердің шешілу жолдарына тоқталды.