БҰЛАННЫҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛУДЕ, БІРАҚ ЖЕР ДАУЫ БІТПЕЙ ТҰР

БҰЛАННЫҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛУДЕ, БІРАҚ ЖЕР ДАУЫ БІТПЕЙ ТҰР
БҰЛАННЫҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛУДЕ, БІРАҚ ЖЕР ДАУЫ БІТПЕЙ ТҰР
Әкімдердің халықпен кездесу жиыны Бұлан ауылында өтті. Жиынға аудан
әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық мәслихат төрағасы Шынар
Дүйсенғалиева, аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Бұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Әділгереев 2023 жылы атқарылған
жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады.
Өткен кездесулерде Бұлан ауылына кірме жолды жөндеу туралы халықтың ұсынысы орындалып, бүгінде «ТОБИ» ЖШС жөндеу жұмыстарын бастады. Бұлан және Жамбыл ауылдарына орталықтандырылған су жүйесі жүргізілгенімен, ауылішілік тұрбалардан су кету фактілері орны алып отыр. Бұл мәселе бойынша мердігермен сөйлесіліп, мамыр айында кепілдік
мерзімінде ақауларды жою жұмыстары жүзеге асырылады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айболат Нұрмұхановтың
айтуынша, орташа жөндеуден өтетін жолдың ұзындығы – 2 км. Одан бөлек
50, 60, 80 метрлік жолдан түсетін бұрылыстарды қысқартып, негізгі жолды
230 метрге ұзартуға келіссөздер жүргізілуде. Жолды жөндеу жұмыстарының мерзімі жоба бойынша бес ай болса, бір-екі айдың ішінде аяқтау жоспарда
бар. Аудандық мәслихат депутаты Серік Зиятов бұл ұзартылатын жолды 330 м етіп қосуды ұсынды. Ауыл тұрғындары тарапынан Бұлан ауылына бұрылыстан аялдама салу, абаттандыру, жарықтандыру, қордаланған күл-қоқыстарды шығару, бөгетті бөгеу, ауыз су, білім сапасы, мәдениет, жайылымдық жер тапшылығы мәселелері көтерілді. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанболат Мұхамбетжанов ауданның картасын көрсетіп, Бұлан ауылдық округінің жайылымдық жерлері туралы түсіндірді. Тұрғындардың жайылатын мал санын азайтып көрсетуі, жайылымдық жердің жетіспеушілігінің бір ұшығы болып отыр. Жерді мақсатты пайдаланбайтындар да бар екен. Сол себепті жер дауына қатысты
Бұлан ауылына тағы бір жиын өтетін болды.
Жиынды аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қорытындылады.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА