АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев Жымпиты ауылының тұрғындары Еркін Жақсыгереев, Кенжеқыз Хамиеваның шаңырағында болып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Тоқсанның төріне шығып отырған Еркін қария арнайы келіп сәлем бергендері үшін ақ батасын берсе 9 -шы мамырда 80 жасқа толған Кенжеқыз әже аудан басшыларына уақыт бөліп сәлем бергендері үшін аналық алғысын білдірді.
Қос қарияға құттықтау хат пен сый -- сияпат тапсырған аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы ғұмырлы өмір, зор денсаулық тіледі.
«Сырым елі»