СЫРЫМДЫҚ ПЕДАГОГТАР ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ.
Қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдеріне арналған облыстық «The Millennial Teacher-2024» шығармашылық байқауында Сырым ауданының педагогтарынан құралған "Минимализм" тобы 17 команда ішінен жүлделі I орынды иеленді.
Команда құрамында Сырым мектеп лицейінен тарих пәні мұғалімі Б. Нығметжанов, ағылшын тілі пәні мұғалімі Қ.С.Иманғали, орыс тілі пәні мұғалімі Н. Сүйінғалиева және Қ. Мырзалиев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ғабдықұл болғанын айта кетелік.
Сырым аудандық білім беру бөлімінің ресми парақшасы жазғандай зияткер педагогтар жарыс барысында педагогикалық жобаларын қорғап, инновациялық траекторияға озық, жаңа әдіс ұсынған. ұсынған жұмыстары өзгелерден озық шықты.
- Оқушының білім деңгейі туралы көп айтамыз. Педагогтың білімі мен білігі оқушыға тікелей әсер етеді. Әріптестеріміз өз саласының үздіктері екенін дәлелдеп келді. - дейді бөлім басшысы Досжан Тайшиев.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы