
Облыс әкімі Ғали Есқалиев орталық алаңның абаттандырылу жұмыстарын көрді. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев орталық алаң халық демалатын орынға айналатыны туралы мәлімдеді. Ғали Нәжімеденұлы халық демалатын алаңды эстетикалық жағынан абаттандырып, көгалдандыруды жоғары деңгейде жүргізу қажеттігін, орындықтар қойып, көрік-келбетіне аса мән берген жөн екенін айтты. Мұнда да кәсіпкерлерді шоғырландырып, сауда нүктелерін ұйымдастырып, жұмыс орындарын ашу туралы аудан әкіміне тапсырды