
Аудан орталығына келген облыс әкімі Ғали Есқалиев Жымпиты ауылында жөнделіп жатқан ауылішілік жолдардың құрылысымен танысты. "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында Қазақстан, Досмұхамедов,
Жұмалиев, Байжанов, Мендалиев көшелерін орташа жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың 5 мамырында басталды, қазіргі уақытта автомобиль жолдарындағы ескі қатты жамылғылары алынып тасталды. Жолдың тегістеу, қыру жұмыстары жүргізілуде. Қажетті құрылыс материалдары Орал қаласынан тасымалдануда. Келісімшарт бойынша аяқталу мерзімі – 2020 жылдың қараша айы. Жөндеу жұмыстарының құны 224,5 млн. теңге.
Жөндеу жұмыстары аясында 62 жұмыс орны ашылу қажет болса, бүгінде 21 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке 7 адам тартылды. Өңір басшысы барлық жұмысты зертханамен келісіп атқару, мемлекеттік қадағалаудан бөлек қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Жол құрылысының сапалы жүргізіліп, мүмкіндігінше ыждағаттауына қоғамдық өкілдердің араласуы қажеттігін айтты.