Саяси науқанның ашықтығы мен әділдігін кандидаттардың сенімді өкілдері, “Жария” тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы, “Сырым жастары” секілді қоғам ұйымдар бақылауда.
Халық ауыл тағдырына алаңдайды. Сондықтан әкім сайлауына белсенді қатысуда.
Учаскеге зайыбымен бірге келіп, жанұялық жауапкершілікпен қараған жанның бірі - Мақсот Есқалиев.
- Таңдауымызды жасадық. Жаңа әкімге жұмыс көп.
Бірінші шаруаны жолдан бастау керек. Сарой мен Қосарал арасындағы 26 шақырым күз бен көктемде елді бейнетке салады. Құдай оңдап, түн қатып жүріп, ауылды тілсіз жаудан, соның ішінде қатынас жолды жырып кетуден сақтап қалды азаматтар. Жолды уақтылы қырып, тегістеу керек. Болашақта асфальттау - міндет.