Ақпарат

Ақпарат

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Сырым ауданының әкімдігі су тасқыны бойынша келесідей ақпарат береді:

Жалпы аудан бойынша 6 елді мекенде 236 тұрғын үйді су басты.

Суға кеткен үйлердегі тұрғындар уақытылы эвакуацияланды. Қазіргі уақытта эвакуациялық пункттерде барлығы 29 адам тұрып жатыр.

2024 жылғы 29 наурызда аудан әкімінің шешімімен келтірілген материалдық шығын мен зардап шеккен обьектілерді қарау жөнінде комиссия құрылды. Аталған комиссия суға кеткен үйлерді визуалды түрде түгелдей қарап шықты. 84 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп алдын ала анықталды, оның ішінде 8 тұрғын үй құлап қалған.

Бүгінгі күні мамандандырылған мекемемен суға кеткен үйлердің тұруға жарамды-жарамсыздығын нақты анықтау үшін техникалық зерттеу жүргізілуде. Тұруға жарамсыз үйлер саны нақты анықталғаннан кейін тұрғындарға жаңадан үй салу мәселесі қарастырылатын болады.

          Ал, тұруға жарамды үйлерге келтірілген шығындарды мамандандырылған бағалау мекемелері бағалау жұмыстарын жақын күндері жүргізеді. Сонымен қатар, аталған мекемелер мүлікке келтірілген шығындарға да бағалау жүргізетін болады.

          Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірінші кезекте жылжымайтын мүліктің бастапқы объектілері (тұрғын үйлер) өтеуге жатқызылатындығын атап өту керек.

Алайда, жылжымайтын мүліктен басқаларына келтірілген шығындарды өтеу механизмдері қазіргі уақытта пысықталып жатқандығын назарларыңызға береміз.

          Су тасқынынан зардап шеккендерге бірінші күннен бастап гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта аудан бойынша зардап шеккен барлық отбасына гуманитарлық көмек көрсетілді. Оған 60-тан астап еріктілер жұмылдырылды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен тұрғын үйлері суға кеткен отбасыларға 184,6 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек бүгіннен бастап төленіп басталды.

 

Құрметті аудан тұрғындары!

 

          Ел басына туған сын сағатта Сіздерден тұрғындар арасында жалған ақпарат таратпауды және ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен алуды сұраймыз!

          Үйлері суға кетіп, қиындыққа ұшырап жатқан бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайды.

Барлық отбасыға тиісті көмек көрсетілетін болады.

 

Сырым ауданының әкімдігі