СЫРЫМДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

СЫРЫМДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
СЫРЫМДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Түске дейін Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандағы ахуалға байланысты сұхбат берді.
Кешелі бері толассыз жауын-шашын салдарынан еріген қар суынан бөлек, жаңбыр жауғанына байланысты су деңгейі көтерілуде.
- Ауданымызда қазіргі таңда 15 ауыр техника, 15 жеңіл көліктер, 24 мотопомпа жұмылдырылды. Одан бөлек, 80-нен астам мекеме қызметкерлері, ерікті азаматтар жұмыстануда. Бүгінгі күнге дейін аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 200 тонна құмның 2600-дей қапшығы дайын тұрды.
Аудан орталығынан бөлек Қособа ауылына 20 тонна, Жырақұдық ауылына 20 тонна инертті материал түсірілген болатын. Су кету қаупінің алдын алу жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда,- деді аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.
А.БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы