СЫРЫМДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКІСТАНҒА АТТАНДЫ.

СЫРЫМДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКІСТАНҒА АТТАНДЫ.
СЫРЫМДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКІСТАНҒА АТТАНДЫ.
Бүгін Сырым ауданы бойынша 120 оқушы Наурыз мерекесіндегі демалыстарын өткізу үшін Түркістан қаласына аттанды.
Оларды Жымпитыдан Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев сәттілік тілеп, шығарып салды.
Балалар үшін турды ұйымдастырушы - “Oral Tour” туристік компаниясы. Бағдарлама бойынша сырымдық оқушылар үш күн ішінде Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан өңіріндегі Арыстан баб мазары, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Шығыс моншасы сияқты бірқатар тарихи орындармен бірге, Керуен сарай, Шымкент шаһарындағы Бәйдібек ата паркін тамашалайды.
Саяхатқа Сырым мектеп - лицейі, Қ. Мырзалиев атындағы мектеп пен Ж. Досмұхамедов атындағы білім ошағының оқушылары бар.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы