
Күні кеше Жетікөл ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттардың аудандық мәслихат депутаттарының алдында сайлауалды бағдарламаларын таныстырғанын жазған болатынбыз. Бүгін аудан орталығында Жетікөл ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.
Сайлауда 11 тыңдаушының 11-і де дауыс берді.
Сайлаудың қорытындысын Сырым аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев жариялады.
Тыңдаушылардың 100 пайыз дауысымен Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып Айболат Нурмуханов сайланды