8-наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай аудан орталығында Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы әйел-аналарға тегін такси ұйымдастырды. Ресурстық орталықтың мамандары және волонтер жастар нәзік жандыларды діттеген жеріне тегін жеткізді. Акцияда Нұртілек Кенжебаев, Қолқанат Есенғалиев, Қайсар Хали, Мәдениет Үмбетияров сынды жастар жеке көліктерімен 155 аруды тегін тасымалдады.