МЕМҚЫЗМЕТТІҢ ИМИДЖІ - ЕЛДІҢ ИМИДЖІ

МЕМҚЫЗМЕТТІҢ ИМИДЖІ - ЕЛДІҢ ИМИДЖІ

23 маусым- Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық әкім аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Медет Мырзаш ауданның дербес бөлімдері мен ауылдық округтердегі мемқызметшілердің қатысуымен онлайн семинар өткізді.
Медет Молдашұлы семинарда бағдарламаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің өзара ауызбіршілігі, халықпен етене жұмысы, қала берді киім үлгісі, интернет платформалар мен әлжелілерде әдеп нормаларының негізгі қағидаттарын түсіндіріп өтті.