САЙЛАУ - ХАЛЫҚТЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БИЛІГІ.

САЙЛАУ - ХАЛЫҚТЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БИЛІГІ.
САЙЛАУ - ХАЛЫҚТЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БИЛІГІ.
Бүгін Сырым ауданында дүниежүзілік сайлау күніне орай “БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ” зияткерлік ойыны өтті.
Ақыл аламанына сайлау саласы ардагерлерінен құралған “ПАРАСАТ” командасы, сайлау комиссиясы мүшелерінен құралған “АҚИҚАТ”, “АЙБЫН” командалары және жастардан жасақталған “ЖАСТАР РУХЫ” командасы қатысты. Салтанатты ашылуында Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасанов сөз сөйледі. Төрағаның айтуынша, көк ту, әнұран секілді сайлау да - егемендіктің нышаны. Сайлау - халық құқығы, демократиялық билігі.
Бұл үрдіс Сырым ауданында анық байқалады. 2023 жылдың желтоқсан айында аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сайлау комиссияларының құрамы жаңартылды. Аудандық сайлау комиссиясының 7 мүшесі мен учаскелік комиссияның 123 мүшесі жаңадан тағайындалды.
Жаңа құрам 2024 жылы өкілеттілігі аяқталатын округ әкімдерінің сайлауын өткізуде азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етіп науқанды ашық, заңға сай ұйымдастыруға дайындалуда.
“БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫНДА” жастардан құралған “ЖАСТАР РУХЫ” командасы жеңімпаз атанды. Ал, сайлау комиссияларының мүшелері сапында ойнаған Берік Жанболсынов “ҮЗДІК ЗИЯТКЕР ОЙЫНШЫ” болып танылды.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым ауданы”