«KASPIGOLD» ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!»
Кәсіпкерлердің карталық төлем түрінен бас тартуға құқы бар ма?
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Мирас Мырзахметовтың айтуынша, мобильдік аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен
шығуға бағытталған шара. Оны басқаша жорудың қажеті жоқ.
- Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді
аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық
аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі.
Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.
Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі
тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана түседі. Яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері болған жағдайда. – дейді маман.
Мобильді аударымдарды тексеру жүзеге асатын шаруа және ол үш кезең бойынша жүргізіледі.
Алдымен мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және
олардың жұбайлары 2022 жылдың қорытындысы бойынша тексеріледі. 2024 жылы мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың
қызметкерлері және олардың жұбайларына 2023 жылдың қорытындысы бойынша тексеру жүргізіледі. 2025 жылы – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың
жұбайлары тексеріледі.
2026 жылы барлық азаматтардың мобильдік аударымдарына сараптама жасалады. Бүгінгі таңда жалпыға бірдей декларациялаудың 1-кезеңінің декларанттары бойынша ақпарат алынды.
Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді.
Жеке шоттарына 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар
алған тұлғалар үш ай ішінде бақылауға жатады. Анықталса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл - кәсіпкерлік қызметтің белгісі
Ескеретін, әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және
әріптестеріне аударуға шектеулер жоқ.
Егер сатушы қолма-қол ақша талап етсе ше?
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес
төлемнің әртүрлі тәсілдері көзделген. Яғни, тұтынушы банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен төлесе де (25-бап) – өзінің құқы.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады
және тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші рет ескерту беріледі, қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК-нің 194-бабы) салынады.
Салықтан жалтару, табысын жасыру – азаматқа тән емес. Әрі елімізде салық төлеу ыңғайлы және пайдалы. Салық – үкіметтің емес, халықтың табысы.
Мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлер үшін қолайлы заңды тетіктер жасайды
Бақылау-кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ.
E-salyq Business, Egov Mobile, Halyk Bank мобильді қосымшаларында жеке
кәсіпкер ретінде тіркелу жеткілікті, Kaspi.kz, BCC
Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында курьерлер мен такси жүргізушілері салық
органдарына бармай-ақ "Яндекс" платформасы арқылы өздерін жеке кәсіпкер ретінде тіркей алады
Салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1% - дан 4% - ға дейін.