2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен
құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың
жұбайлары тапсыруға тиіс.
Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан адамдарға да қолданылады.
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды
тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің
басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды, Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке
практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды.
Декларацияда қандай мәліметтерді көрсету қажет? – деген кәсіпкерлердің сұрағына Мирас Тілегенұлы жауап берді:
- Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың, жеке тұлғаның
барлық шетелдік активтерін, жылжымалы, жылжымайтын мүлкін көрсететін
активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Яғни, шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік, шетелдік банктегі ақша 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК), шетелдік компаниядағы қатысу үлесі, бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндер және т. б.), үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі), инвестициялық алтын (құйма алтын), зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК ) шегінде қолма-қол ақша, басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары, құны 3,5 млн. теңгеден асатын басқа мүлік, оның ішіне мәдени
құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б. кіруі мүмкін. Бағалауларды 31.12.2023 ж. жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін
яғни 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей жасап, тұрғылықты жері бойынша
тапсыру қажет.
Декларацияны "салық төлеуші кабинеті", "электрондық үкімет"
веб-порталдары, "e-salyqazamat", Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары
арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар құжатын қағаз жеткізгіште,
пошта арқылы не келу тәртібімен ұсынуға құқылы.
- Иә. Бастапқыда автоматты камералдық бақылау – жеке тұлғалардың шығыстарына
мониторинг жүргізіледі. Декларацияның болуы/болмауы тексеріліп, кірістер мен мүлікті көрсетпеу және кірістерді төмендету фактісі анықталады.
Содан кейін камералдық бақылау қорытындылары бойынша бұзушылықтарды
жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі. – деді басқарма маманы.
Декларация ұсынбаған жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі де осал емес.
- Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап
бұзғаны үшін – 51 750 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Толық емес, анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін –
ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) мөлшерінде
айыппұл (ӘҚБтК 272-бабы) бар.
Салық салу объектілерін жасырғаны үшін жыл ішінде алғаш рет– төленбеген
салықтар сомасынан 200% айыппұл, қайталап бұзғаны үшін-300% мөлшерінде
айыппұл (ӘҚБтК 275-бабы) есептеледі.