ЧУКУРОВТЫҢ ШӘКІРТТЕРІ - ЧЕМПИОН!

ЧУКУРОВТЫҢ ШӘКІРТТЕРІ - ЧЕМПИОН!
ЧУКУРОВТЫҢ ШӘКІРТТЕРІ - ЧЕМПИОН!
Самбо күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер мен 2008-2009 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында “Чемпиондар додасы” атты ашық қалааралық турнир өтті.
“Чемпиондар додасынан” сырымдық жас спортшылар жүлделі оралды.
Сүйінші жаңалықпен А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, белгілі бапкер Ержан Чукуров бөлісті.
- Аталған турнирде қыздар арасында 44 келі салмақ дәрежесі бойынша Айжан Амангелдина, ұлдар арасында 53 келі бойынша Талғат Аманқос І орын еншілесе, Темірлан Хабибуллин 79 келі салмақта ІІІ орынды қанағат тұтты. Шәкірттерім үздіксіз дайындық нәтижесінде осындай жүлделерге қол жеткізіп отыр. Әлі талай додаларда топ жарады,- деп нық сенім білдірді бапкер.
Білікті бапкердің шәкірттері де бабында екеніне күмән жоқ. Сәттілік тілейміз!
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы