Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдениеті мен рухани құндылықтарын көтеруде, ауданымыздың мәдениет саласының өсіп өркендеуіне қосып жатырған үлестеріңіз орасан.  Мәдениет пен өнер егіз ұғым, қоғамның өміршен өресі. Мәдениет - адами болмысымыздың жандануы мен жаңаруының белгісі.

Өнердің сан түрлі саласындағы жеткен жетістіктеріңіз, талантты өскелен ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектеріңіз өлшеусіз. Алдағы уақыттада шығармашылық жұмыстарыңызға зор табыс тілеймін. Тәуелсіз еліміздің ең үздік мәдени дәстүрлерін сақтау мен дамыту жолындағы ізденістеріңіз жемісті бола бергей.