● 9 ҚАЗАН - ПОШТАШЫЛАР КҮНІ «ҚАЗПОШТА» 30 ЖЫЛДЫҢ БЕЛЕСІНДЕ

● 9 ҚАЗАН - ПОШТАШЫЛАР КҮНІ «ҚАЗПОШТА» 30 ЖЫЛДЫҢ БЕЛЕСІНДЕ
● 9 ҚАЗАН - ПОШТАШЫЛАР КҮНІ
«ҚАЗПОШТА» 30 ЖЫЛДЫҢ БЕЛЕСІНДЕ
​Аудан орталығындағы «Қазпошта» байланыс торабының іші күнде ертеңгілік қарбалас шаққа толы болады. Мұнда келген адамның түрлі шаруасы болары анық. Зейнетақы, жәрдемақы алу, қалаларға сәлемдемелер жіберу, газет - журналға жазылу, түрлі төлемдер төлеу, тағы басқалай да қызмет салалары осы ғимараттың ішінде жүзеге асырылады.
​- «Қазпошта» байланыс торабында бүгінде түрлі мамандық саласында халыққа қызмет көрсететін 32 адам бар. Олардың арасында аудан орталығында бес пошта тасымалдаушы, төлемдер қабылдауда үш оператор халыққа қызмет көрсетуде.
Сондай - ақ аудандық байланыс торабының қызметкерлері Қаратөбе ауданының Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округі тұрғындарына, ауданның 12 ауылдық округінің халқына мінсіз қызмет көрсетуде, -дейді байланыс торабының басшысы Айнагүл Жұмиева (суретте).
​Айтқандайын, биылғы жылдың қазан айында «Қазпошта» АҚ - ы өз алдына еңсесін көтеріп құрылғанына 30 жыл толу мерекесін атап өткелі отыр.
Міне, еліміз тәуелсіздік алған жылдар аралығында халыққа мінсіз қызмет көрсетіп келе жатырған аудандық байланыс торабының қол жеткізген жетістіктері де бір төбе. Мәселен, аталмыш байланыс торабы басылым түрлеріне жазылу, халыққа қалтқысыз қызмет көрсету, табыс көзін молайту бағытында биылғы жылдың жарты жылдығында облыс бойынша 98 пайыздық көрсеткішпен бірінші орынды жеңіп алды.
​Сондай – ақ елеулі жетістіктеріне орай Астана қаласы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы С.Саудабаев, облыстық «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Б.Мусиннің тарапынан Құрмет грамоталарына ие болды.
​- Ұжымда үнемі халыққа мінсіз қызмет көрсетіп, алғысқа ие болып жүрген озаттардың қатарында алды 37 жыл, соңы 22 жыл еңбек өтілдері бар Алтын Ғұмарова, Райгүл Әбдіғалиева, Ирина Тұманғалиева бар. Мінсіз еңбектеріне орай ұжым қызметкерлеріне жоғары басшылық тарапынан үнемі сыйақы да беріледі.
Ал пошта тасымалдайтын адамдарды арнайы киім, велосипедпен қамтып, күз, қыс айында жылы киімдер алуға қаржы бөлу де жоғары басшылықтың назарындағы басты міндет, - дейді Айнагүл Мақсотқызы.
Мүсірбек АЙТАШЕВ,
Суреттерде: солдан оңға қарай пошта қызметкерлері Дамира Мұхамбетқалиева, Ақұлпа Қожағалиева, Алтын Ғұмарова.
Пошта тасымалдаушы Салауат Аманов.