Жосалы ауылдық округі бойынша Қоңыр, Тамды ауылдарына «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы жүргізілген ауыз суды Қоңыр ауылында 4 әлеуметтік нысан, 131 абонент және Тамды ауылында 3 әлеуметтік нысан, 29 абонент су тұтынады.
Жосалы ауылдық округінің әкімі Батырғали Иманқұловтың мәлімдеуінше, 10-тамыз күні насостың ауылға қажетті көлемде су жеткізе алмауы анықталып, 11-тамыздан бастап су түс мезгілінде сағат 12-ден бастап уақытпен беріліп келеді. Тамды ауылының жауып, орталыққа су жіберілгенімен, жоғары жақта орналасқан 20-25 шақты үйлерге кей күндері су жетпей, Тамды ауылына және су жетпеген үйлерге көлікпен арқылы тасымалданып келді.
Жосалыдағы жағдайды бақылауда ұстап, мәселені шешуге жұмыстанған «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Тұрарбек Нұрғалиев:
— Жосалы ауылынан 7 шақырым жердегі бірінші су көтеру станциясына скважинаға екі сусорғымен су жиналып жатыр.
Күні кеше екінші су көтеру станциясына мемлекеттік сатып алу порталымен қосымша сапалы сусорғы алынып, орнатылды. Кешеден бері резервуарға су жинақталуда. Ауылға күніне 48 текше метр су қажет болса, су қоры бүгінге дейін 20 текше метр су беріліп келді. Орнатылған жаңа сусорғының арқасында қажетті су мөлшері жиналады деп күтілуде. Резервуарға суды бір толтырып алғаннан кейін пайдаланылған суды жинау оңайға түседі. Түстен кейін ауылға су жіберу жоспарлануда, - дейді.