Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандық кәсіпкерлік және ауцл шаруашылығы бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Аудан басшысы Бақытжан Кашукұлының осы салада атқарған қызметін бағалап, бөлімді басқаруға білімі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді. Жаңа басшы өзіне артылған сенім мен жауапкершілік үдесінен шығатынын жеткізді.
Бақытжан Хамидуллин 1977 жылы 1 маусымда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық институтын зоотехния мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Сырым аудандық аумақтық басқармасының мал тұқымын асылдандыру жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып бастаған.
2006-2011 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман, 2012-2013 жылдары Сырым аудандық ветеринарлық станциясының директоры, 2013-2014 жылдары Жымпиты ауылдық округінің әкімі, 2014-2021 жылдары «Сырым НС» ЖШС-нің директоры, 2014 жылдан бүгінгі уақытқа дейін «Шідерті» ШҚ-на жетекшілік етіп келді.
Отбасылы, 5 баласы бар.