«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛҒАСАДЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛҒАСАДЫ
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛҒАСАДЫ
Әне-міне денеше, жаңа оқу жылы басталады. Оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатындағы «Мектепке жол» акциясы қарқын алды.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Темірбеков акция жайында былай дейді:
– Ауданымыз бойынша 22 мектеп бар. Биылғы оқу жылын 3150 баламен бастаймыз деп отырмыз. 2008 жылғы 25 қаңтарындағы 64 қаулысына сәйкес 5 санатқа сәйкес келетін 790 отбасының 1289 баласы 40567 теңгелік көмекке өтініш білдіріп отыр. Оларға ақша аударылу үстінде. Кәсіпкерлер тарапынан «Мектепке жол» акциясы аясында 40 оқушыға 774 мың теңге көлемінде көмек көрсетілуде. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады.
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдігінің басшылары, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, тұрғындар атсалыса алады. Акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар аудандық білім беру бөліміне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала алады.