“КҮМІС АЛҚА” НАГРАДАСЫН ТАБЫСТАДЫ
Аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев алтын құрсақты, алты баланың анасы жымпитылық Айнагүл Искаковаға “Күміс алқа” мемлекеттік наградасын табыс етті.
Айнагүл Ержанқызы үй шаруасын дөңгелетіп отырған ана балаларының жақсы білім алуына және тәрбиесіне үнемі көңіл бөледі.
Тұңғышы Ақторғын Орал қаласындағы Батыс Қазақстан университетінің 4 курс студенті, болашақ хореограф.
Екінші ұлы Бекзат Батыс Қазақстан аграрлық колледжінің “құрылыс” мамандығы бойынша 2 курс студенті, әр түрлі спорттық шараларға қатысып, дзюдо самбо күресінен жүлделі орындар алып жүр. Ортаншы балалары Ерасыл, Гүлзат, Асылзат жалпы білім беретін Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектебінің оқушылары, оқу үлгерімдері жақсы.
Кіші ұлы Ералыхан 2022 жылғы, ата-анасының қамқорлығында.
Балалары тәрбиелі, кішіпейіл, сабақ үлгерімдері де жақсы.
Аудан әкімінің орынбасары Артур Мұратұлы еліміздің демографиясына үлесін қосып, балаларының тәрбиесіне де жауапкершілікпен қарап жүрген отбасыға амандық тіледі.