Есептік жиынға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, аудан орталығынан жауапты мекеменің басшылары қатысты.
Мінбеге көтеріліп, көкейдегі ой-толғамдарын айтқан азаматтар ауыл іргесіндегі қоқыс төгетін орынның жағдайын айтып, ауыз су сапасы, қазылған шұңқырларды бітеп тегістеу, орта мектепті, спорт алаңын күрделі жөндеуден өткізу, келер жылы соғыс және еңбек ардагері М.Қаналиевтің туғанына 100 жыл толуын кең көлемде атап өту сияқты мәселелерді ортаға салды.