БИЫЛ ДА ҚОРЖЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН

БИЫЛ ДА ҚОРЖЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН
БИЫЛ ДА ҚОРЖЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН
Ардагерлер арасында өткен ІІІ облыстық спартакиадаға сырымдық ардагерлер қатысып, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болып қайтты.
Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Мақсот Берген, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, «Интеграл» ЖҚБ Аида Мектепқалиева төрайымы қатысты.
Спартакиадада 13 аудандық команда мен Орал қаласының командасы волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы, шахматтан бақ сынады.
Сырым ауданының намысын қорғауға команда жетекшісі Ғилаж Қаналиев және 14 ардагер барды. Жекелей сында Өтеулі Қонақбаев шахматтан 3, Нұртаза Жұмағалиев үстел теннисінен 3 орындарға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық ардагерлер ұйымының дипломы және «Интеграл» ЖҚБ-ның сыйақысына ие болды.