Арман ӨТЕҒҰЛОВ: «ӨҢІРДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК»

Арман ӨТЕҒҰЛОВ: «ӨҢІРДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК»
Арман ӨТЕҒҰЛОВ:
«ӨҢІРДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК»
2022 жылы Алғабас және Қарағанды ауылдарын сапалы ауыз сумен қамту үшін құбыр салынып басталған – ды. «СМУ Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған құны 761,341 млн теңгені құрайтын жоба биыл сәтті мәресіне жетті. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Алғабас ауылдық округінде болып, су нысанының жұмысымен танысты.
Құрылыстың бірінші нүктесінде 5 ұңғыма орналасқан. «СМУ Шығыс» ЖШС – ның өңірлік директоры, жоба жетекшісі Асхат Дәрібаевтың айтуынша, ұңғымалар секундына 0,7 мен 1 литр арасында су өндіріп тұр. Қос ауылға тәулігіне 200 текшеметр су қажет екенін ескерсек, өнім мөлшері күнделікті тұтыным жеткілікті.
Қазіргі таңда Алғабас ауылының ішіне 19,5 шақырым құбыр тартылып, 92 құдық қойылды. 4,9 шақырым құбыр тіршілік нәрін әрі қарай Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты көршілес ауыл - Қарағандыға жеткізуде. Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменовтың мәліметінше, жоба аясында 300 үй таза ауыз судың игілігін көреді.
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов нысанды сенаторлармен бірге аралады. Арман Өтеғұлов өңірдегі құрылыс жұмыстары кезінде екі басымдықты ескеру керек деді. Біріншісі -жергілікті өнімдерді пайдалану, екіншісі - жергілікті халықты жұмысқа тарту.
Айта кетейік, Алғабастағы су мұнарасын Орал қаласындағы «УральскАгроРемМаш» кәсіпорыны құрастырған.