ШАРУАНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҮШІН...

ШАРУАНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҮШІН...
ШАРУАНЫҢ ҚОЙЫН ДӘПТЕРІ ҮШІН...
СУДАН ШӨБІ
Судан шөбінің көк балаусасы мен пішені – малға қуатты қорек.
Оның көк шөбінде 12,3 % протеин және 2,4 % май бар. Ал, пішендегі осы көрсеткіштер 12,5 және 2,8 % - ға тең. Судан шөбінің 100 кг көк жемінде 17, пішенінде – 52, сүрлемінде – 228 мал азықтық өлшем бар. Міне, осы қасиеттері үшін де судан шөбі – біржылдық астық тұқымдастарына жататын мал азықтық дақылдарының ішіндегі ең құндысы. Судан – таптырмайтын мал жайылымдық шөп, оны шапқаннан кейін не мал таптап кеткеннен соң, тез қалпына келіп, 1 айдың ішінде қайта жайылым ретінде пайдалануға жарайды. Күтім жасаса, қарымта шабуға да болады.
Суданның әр гектарынан 100 – 120 центнерге дейін пішен, 250 – 350 центнер көк шөп, 8 – 14 центнерге дейін тұқым алуға болады.
Екпешөп өсіру – мал шаруашылығы саласының негізгі жұмысына айналуы тиіс.