ҚЫЗЫЛАҒАШҚА КЕЛІҢДЕР!

ҚЫЗЫЛАҒАШҚА КЕЛІҢДЕР!
ҚЫЗЫЛАҒАШҚА КЕЛІҢДЕР!
Редакцияға Қызылағаштағы тұрақты оқырманымыз Берік Қажгереевтен хат келді. Бекең де ел – жұртты ауылына шақырады.
«Бүгінде ауылдың сәні – мектеп. Жылдан – жылға мектебімізде бала саны азаюда. Ауыл тұрғындарын осы алаңдатуда. Мектеп жабылса, баламызды қайда оқытамыз деген ой әр тұрғынды мазалап жүр. Мәселені шешу мақсатында Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Әділхан Рақымжанов пен директор Шара қызымыз бар шараны жасап жатыр. Ауылға көп балалы жанұя көшіп келсе, тегін үй, жұмыс бар.
Мектебіміз қаланың мектептерінен еш кем емес. Заман талабына сай жақсы безендірілген. Оқушыға білім алуға барлық жағдай бар. Мектеп директоры Шара Талғатқызы өзінің жұмысы жетерлік болса да, ауылдың жас келіндеріне тәтті тағам пісіріп, тігін тігуді үйретті. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жайдарбек Асихатұлы балаларды күреске баулуда. Қызылағашқа келіңдер!» - деп жазыпты Берік аға.