БАСКЕТБОЛДАН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

БАСКЕТБОЛДАН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ
БАСКЕТБОЛДАН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ
Эльдар Батыршинді еске алуға арналған баскетболдан аудандық ашық турнир өтті. Турнирді марқұмның құрдастары, Жымпиты ауылының 1982 жылғы азаматтары ұйымдастырды. Жарыстың ашылу рәсіміне Эльдар Батыршиннің анасы, жары мен ұлы, нағашылары қатысып, «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов, анасы Гүлнар Шоқанова, ардагер спортшы Саниахмет Шоқанов, ұстазы Ерлан Чукуров сөз сөйледі.
Себетдоптан жарысқа Қаратөбе, Шыңғырлау, Қ. Мырзалиев атындағы мектеп, Өлеңті, Аудан орталығы, 1982 жылғылар командалары қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде Қаратөбе І, Шыңғырлау ІІ, Аудан орталығы командасы ІІІ орындарға ие болды. Командаларға жүлделеріне сай 50000, 30000, 20000 теңге қаржылай сыйлық пен диплом, кубок, медаль табыс етілді. Түс мезгілінде Эльдар Батыршинге арналып, ас берілді.